Астанада IV халықаралық United Medical Expo көрмесі өтті. Бірегей іс-шараға белді медициналық нысандар қатысты, деп хабарлайды 24KZ.
Қатарында Оралдағы Uniserv Medical Center бар. 30-ға жуық бағытты қамтитын клиника жатыр мойны миомасын емдеудің тың тәсілін меңгерген.
Uniserv Medical Center 2019 жылы ашылды. Содан бері 27 медициналық бағытты қамтитын 11 бөлімше құрылған. Орталық пациенттері офтальмология, урология, хирургия, терапия, сәулелік диагностика, Check-up қызметтеріне көп жүгінеді. Бүгінгі көрмеде көпшілікті жатырды емдеу, тіпті күрделі жағдайда да сақтап қалу тәсілі қызықтырды. Өйткені бұл елдегі ерекше технологияны қолданатын жалғыз клиника саналады. Осы уақытқа дейін операция жасатқан 27 әйелдің біреуі балалы болды, енді бірі сәбиін күтіп жүр. Клиникада онкогинеколог, урогинеколог және акушер-гинеколог мамандар жұмыс істейді.
Ерлан Мұқанов, Орал қаласы «Uniserv Medical Center» ЖШС жоғары санатты дәрігер-гинекологы, м.ғ.қ.:
- Радиожиілік мөлшерінде біздегі жатыр миомасы мен аденомиозды 60–80 градусқа дейін қыздырамыз. Осы қыздырған әрекет арқасында миома мен аденомиоз өзінің ішіндегі сұйықтықтан айырылады. Болашақта миома мен аденомиоздың көлемі азая бастайды. 1–2 жыл уақыт өткеннен кейін бастапқы мөлшерінен 50–80 пайызға дейін кішіреюі мүмкін.
Бұл ғана емес, медициналық мекеме жетекшілері Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына үлкен мүмкіндік жасап отыр. Яғни мұнда стационарлық ем, қан тамыры хирургиясы, пластикалық және қайта қалпына келтіру сынды ем-дом түрлерін ұсынады.
Тимур Әжғалиев, Орал қаласы «Uniserv Medical Center» ЖШС бас директоры:
– Клиникамызды көпсалалы орталық деуге болады. 7000 шаршы метрды алып жатқан ғимаратымыз бар. Түрлі бағыттағы диагностикалау, терапия, хирургия салаларындағы науқастарды емдейміз. МӘМС аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша да жұмыс істейміз. Сақтандыруды төлеп отырған ұжымдық клиенттеріміз де бар.
Науқастар Оралдағы көпсалалы клиникаға өзге өңірлерден, тіпті шет елдерден де келеді. Медициналық ұйым әр азаматқа трансфер, орналастыру және ем алу барысында қолдау шараларын қамтамасыз етеді.
Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Қанат Махмұтов
Тегтер #24KZ #жарнама #Астана #көрме #медициналық нысандар #ОралPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz