Мемлекет басшысы 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. «Оның ішінде тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді», - деді Президент.
Елде баспана құрылысы қарқынды. Соған орай сапа да болуға тиіс. Тақауда құрылыс компанияларына бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәртібі өзгерді. Яғни тәуекелді бағалау жүйесі жаңарған. Реновация жобаларына да талап күшейді. Қажетті құжаттарды уақытында тапсырмаған құрылысшы кепілдіктен қағылады. Жаңа тәртіпте тағы нендей жайттар қамтылған?
Құрылыс компаниялары бірыңғай оператордың кепілдігін алу үшін құжаттарын 3 ай ішінде тапсыруға тиіс. Бұл мерзім реновация туралы шарт жасалған күннен бастап есептеледі. Талап орындалмаса, кепілдіктен қағылуы мүмкін. Құзырлы министрлік 2029 жылға дейін жоспарланған тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары 85 пайызға орындалғанын айтады. Ал депутаттар жобаның тиімді орындалуын бақылау үшін арнайы комиссия құруды қалыптастыруды ұсынды.
Әмірбек Оспанбеков, ҚР Құрылтайының депутаты:
- Қазақстан Республикасы Үкіметі нақты орындау мерзімдерін көрсетіп отырып, республиканың барлық өңірлері бойынша апатты және тозығы жеткен тұрғын үйдің әрбір меншік иесін көшіру бойынша бірыңғай жол картасын құру мәселесін шешу. Реновациялау бағдарламаларының тиімділігін бағалау көрсеткіштерін барлық деңгейдегі әкімдіктердің жұмыс сапасын бағалау рейтингіне енгізу.
Тұрғын үй мәселесі тек ескі баспананы жаңартумен шектелмейді. Жаңа үйден пәтер алатын азаматтардың да құқығы қорғалуы керек. Демек құрылыс компанияларының жауапкершілігі мен үлескерлердің қаражатын заңды түрде тарту мәселесі де өзекті. Азаматтар пәтер сатып алмас бұрын құрылысшының беделін ғана емес, оның үлескер ақшасын пайдалануға құқығы бар-жоғын да тексеруге міндетті.
Диляра Сейітнұрова, Qazaq Expert Club сарапшысы
- Бұрын 60 пайызға дейін біздің құрылыстардың нысандары заңсыз үлескерлер шақыратын. Енді договор займа дейтін, договор рассрочки болады. Договор предварительной покупки дейтін сондай-сондай келісімшарттардың неше түрлісі болған. Қазіргі кезде олардың бәрі заңсыз деп саналады. Сондықтан енді осы жылдан бастап осы 60 пайыздан қанша 25 пайызға дейін құрылыс нысандарын қысқарды деп айтуға болады. Өйткені қазіргі кезде ГАСК-лердің қарауымен осы үлескерлерді шақырып, біріншіден, тексерілетін заттардың бірі болып саналады.
Яғни құрылыс Бірыңғай оператордың кепілдігімен жүргізілсе, компания тиісті шартты ұсынуы керек. Жаңа талап қазанның 10-ында күшіне енді. Бұл орайда кепілдік жарнасының мөлшерлемесін қолдану үшін 50 балл жинау қажет. Бұрын ол 60 балл шамасында болатын. Қазір арнайы тізілімде 200 мың үлестік қатысу шарты тіркелген. Жүйеде 1,3 мың құрылыс нысаны бар.
Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Ержан Қанапияұлы
Тегтер #құрылыс компаниялары #Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жыл #тұрғын үй #баспана #операторPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz