Ескі үйлер бұзылады, орнына жаңасы салынады. Астанада реновация бағдарламасына тозу деңгейі 60 пайыздан асқан тұрғын үйлер енгізілген.
Бұлардың қатарында Кеңес дәуірінде салынған бір қабатты және бес қабатқа дейінгі тұрғын үйлер, жатақханалар, сондай-ақ отызыншы жылдардан кейін бой көтерген ғимараттар бар. Бас-аяғы 4 мың пәтерді қамтитын 174 үй сүріледі. Әкімдік жаңа үй «шаршы метрге – шаршы метр» қағидаты бойынша берілетінін жеткізді. Демек бөлме саны өзгеруі мүмкін болғанымен, баспана көлемі сақталады.
Сондай-ақ толық әрленген күйде тапсырылады. Ал ескі үйлер тұрғындар көшірілгеннен кейін сүріліп, орны бас жоспарға сәйкес игеріледі.
Мамандар бағдарламаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді. Биыл 25 үй сүрілсе, келесі жылы 29, 2028 -де 32, 2029 жылы 74, ал 2030 жылы 14 тұрғын үй сүріледі деп жоспарланған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz