Қазақстанда 20-дан астам цифрлық платформа 500 мыңнан астам адамның табыс табуына мүмкіндік беріп отыр. Енді ауыл тұрғындарына интернет арқылы тауар сатып, қызмет көрсетуге және табыс табуға көбірек мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды 24KZ.
Жоспар бойынша, ауыл кәсіпкерлеріне тауарларын интернет-дүкендер мен маркетплейстер арқылы сатуға көмектеседі. Сондай-ақ ауылдарда тапсырыстарды қабылдап, тауар беретін пункттер ашылып, шалғай елді мекендерге жеткізу қызметі дамытылады.
Тұрғындарды электронды саудаға баулу, цифрлық платформаларды пайдалану және жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын үйрету де көзделген.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #ауыл тұрғындары #кәсіп #онлайн саудаЖұмыс ауыл кәсіпкерлерін қолданыстағы маркетплейстерге қосуға, тапсырыстарды қабылдау және беру пункттері желісін дамытуға, оның ішінде шалғай елді мекендерге жеткізуді ұйымдастыруға, сондай-ақ халықты электронды коммерцияға, цифрлық платформалармен және жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеуге бағытталады, – деп атап өтті Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz