Жетісу облысының медицина мекемелеріне 97 дәрігер қажет. Әсіресе хирург, терапевт, травматолог және анестезиолог мамандарына сұраныс жоғары.
Талдықорғандағы №1 емхана дәрігерлерінің айтуынша, 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысын 40 пайызға дейін көтеру – кадр тапшылығын азайтуға ықпал ететін маңызды қадам. Қазір емханада 600-ден астам қызметкер еңбек етеді. Олар 120 мыңға жуық тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді.
Нұргүл Нұрғазина, мейірбике:
- Учаскелік мамандықта жұмыс істегендіктен, жүктемелер өте көп. Пациенттер өте көп келеді. Осы орайда біздің жалақымызды арттыруы өте өзекті мәселе еді. Көп жылдар бойы қосылмай келген. Осы жылы қосылып жатқанына өте қуаныштымыз.
Ерасыл Еділханұлы, №1 қалалық емхана директорының орынбасары:
- Алғашқы медико-санитарлық орталықтарында жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатор мамандары, терапевт мамандары тапшылығы қазіргі таңда бар. Егер жалақы жоғары болатын болса, жас мамандарға абитуренттерге немесе жеке емханаларда жұмыс істейтін қызметкерлерге мемлекеттік мекемеге қызмет етуге, халыққа қызмет етуге бір жақсы мотивация болады деген үміттеміз.
Тегтер #дәрігер #медицина #емханаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz