RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ

Құқықтық мәдениетті отбасынан бастап қалыптастыру қажет — Бекзат Алтынбеков

29.10.2026, 15:38 30

Президент жариялаған «Халықтық құрылыс» азаматтардың әл-ауқатының артуына серпін береді. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Бекзат Алтынбеков «24KZ» арнасына берген сұқбатында айтты.

Спикердің сөзінше, Қарағанды облысында балалар мен ересектерге арналған кешенді көпсалалы оңалту орталығы қажет. 

Кеше Президентіміз айтқан жолдауындағы мынау оңалту орталықтарының біреуі – кешенді көпсалалы оңалту орталығы Қарағанды қаласына және облысқа өте қажет екендігін айтқым келеді. Денсаулық сақтау ошақтары әлі де жетіспейтін өңірлерге ол міндетті түрде салыну керек. Сондықтан ауқымды құрылыс жылында біз тек қалаларды ғана емес, мен айтқым келетіні – болашағы бар ауылдарды да дамытуға баса назар салуымыз керек, - деді Бекзат Алтынбеков

Бекзат Алтынбеков қоғамдағы тағы бір маңызды мәселе – заңды білу мен оны сақтау мәдениетінің арасындағы алшақтыққа тоқталды. Оның пікірінше, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жазалау шараларымен қатар, заңға бағынатын азаматтарды қолдап, үлгі ету қажет.

Бізде көбінесе жаңағы заңмен тәртіп деп айтқанымызбен, біз тәртіп бұзғанда көбінесе жазалау жағына апарамыз да, ал қоғамда өзінің үлгілі тәртібімен, сауаттылығымен, құқықтық жүрген азаматтарға ешқандай назар салмайтын екенбіз. Сондықтан біз жазалаудан гөрі, менің ойымша, жаңағы адамдарға құрмет жасауды көп алсақ, адам бірін-бірін тәрбиелейді деп есептеймін, - деді Бекзат Алтынбеков

Спикер құқықтық сауаттылықты мектеп жасынан қалыптастыру керектігін де айтты. Заң талаптарын біле тұра бұзу, ережелерге немқұрайлы қарау қоғамдағы құқықтық мәдениеттің әлі де жетілдіруді қажет ететінін көрсетеді.

Ал Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері өңірлерде халықпен кездесіп, заң талаптарын қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізуге атсалыса алады. Бекзат Алтынбековтің айтуынша, азаматтарға заңды бұзғандағы жауапкершілікті ғана емес, оны сақтаудың маңызын да түсіндіру қажет.

Дегенмен, біз халықты жаңағы бейқамдықтан арылтуымыз үшін, көбінесе заңды біз қарапайым тілмен жеткізе білсек, түсіндіре білсек, ол адам жаңағы сол заң шеңберінен шықпайды деп есептеймін, - деді Бекзат Алтынбеков

Спикер құқықтық мәдениетті қалыптастыруда отбасының да рөлі зор екенін атап өтті. Оның пікірінше, ата-ана баласына қоғамдағы тәртіп пен заң талаптарын күнделікті өмірде түсіндіріп отырса, бала бойында жауапкершілік ерте қалыптасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz