RU
Толық нұсқаға өту

Елордада Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 93-отырысы өтті

29.10.2026, 17:15 45

ТМД елдері тұрақтылық пен тыныштыққа бірдей жауапты.

Ортақ шекараны қорғау, ақпарат алмасу жүйесін автоматтандыру, терроризм мен экстремизмнің алдын алу да ортақ жауапкершілік. Қылмыспен де бірлесе күреседі. Астанада ұйымға мүше мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 93-отырысы өтті. Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері және Шанхай ынтымақтастық ұйымының тиісті құрылым басшылары мен сарапшылары саладағы ортақ мәселені талқылады. Тараптар шекара қауіпсіздігін нығайту және мемлекеттер арасындағы ынтымақты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.

Ерлан Алдажұманов, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры:

- Мұндай кездесулер жылына екі рет өтеді. ТМД елдерінің шекараларындағы тек жедел жағдай талқыланбай, түрлі мәселе бойынша шешімдер де қабылданады. Ауғанстан шекарасынан бастап, батыс бағытта аяқталатын бірлескен шекаралық операцияларды жүргізу түйткілдері таразыланады. Бұдан бөлек кадрлық, әскери-патриоттық тәрбие, ғылыми-тәжірибелік қызмет және тағы басқа жайттар қамтылады. Көп жағдайда шешімдер бірін бірі қолдау арқылы бір ауыздан қабылданады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz