Биыл Алматы облысында жолдарды орташа жөндеуге 32 млрд теңге бөлініп, 400 шақырымнан астам жол жөнделді.
Ал Алатау Ситиде 28 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 35 млрд теңге жұмсалады. Шалғай ауылдардағы ескі емханалардың орнына жаңасы салынып жатыр. Өңірдегі ауқымды өзгерістерді жергілікті тұрғындар да қолдап отыр. Президент Жолдауында айтылған ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, жаңа нысандар салу, педагогтар мен медицина қызметкерлерін мемлекет тарапынан қолдау сынды бастамалар жұртшылық көкейіндегіні дөп басты.
БЛИЦ
- Жалақыны көтереміз дегені дұрыс болды. Дәрігерлерге де, мұғалімдерге де расында ауыр ғой жұмысыстары, бәрін жақсы айтты.
- Халықтың жалақысын көтерсе, жақсы ғой. Президентімізге рақмет. Енді қаламыздың өркендеуі күшті ғой, өскені жақсы. Халыққа жақсы, бір жағынан.
- Иә, Президенттің кешегі Жолдауы еліміздің болашағы үшін үлкен маңызы бар деп ойлаймын. Ол Жолдауды көрдік, тыңдадық, инфрақұрылым саласы, біздің халықтың әл-ауқатын жақсарту, медицина саласына, білім беру саласына көңіл бөлініп жатыр. Соның ішінде медицина саласын айта кетсем, өзім медицина саласының қызметкерімін, дәрігермін. Өте оң шешім деп санаймын. Ақ халатты абзал жандардың еңбегі мол. Бұл тек қана қағаз жүзінде емес, іс жүзінде осылай тезірек амалға асқанын тілеймін!
Тегтер #Алматы облысы #жолдау 2026 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz