RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Halyk OIY Tech 2026 IT конференциясы өтті

29.10.2026, 22:09 39

Алматыда Халық банктің ұйымдастыруымен Halyk OIY TECH 2026 IT конференциясы өтті. 

Іс-шараға 500-ге жуық IT саласының мамандары мен халықаралық қаржы компанияларының өкілдері қатысты. Жыл сайын өтетін конференцияда қаржы саласына жасанды интеллектіні енгізу, цифрлық сервистерді дамыту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жасанды интеллект қаржы саласына қандай өзгерістер әкеледі? Тұтынушыларға қандай мүмкіндіктер ұсынады? 

Бүгінгі конференцияда 30-ға жуық қаржы саласының маманы тәжірибесімен бөлісіп, баяндама жасады. Төлем жүйелері, жасанды интеллект және қаржылық қауіпсіздік мәселелері сөз болды. Мысалы, бұрын бір-екі жыл уақытты қажет ететін жұмысты қазіргі технологиялардың көмегімен бірнеше айда бітіруге болады.

Рүстем Мұратбеков, Halyk Bank деректер кеңсесінің басшысы:

- Халық банк үлкен мекеме болғаннан кейін бізде тәжірибе мен білім көп. Бізде қаражат бар қоғам арасында бөліскіміз келді тәжірибемізбен, білімімізбен. Бүгін білім ордасында істеп жатырмыз конференциямызды осыған байланысты студенттер де бар, келешек мамандар бар. Қоғам арасында технологияға деген қызығушылық көбейсін, дамысын деген ой бар.

Қазір банк қосымшасында  виртуалды көмекші екі негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Алдағы уақытта оның қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейетіледі. Яғни қолданушы өзіне қажет қызметті көмекші арқылы пайдалана алады. Мысалы, несие рәсімдеу, ақша аудару, депозит таңдау сияқты қызметтің барлығын виртуалды көмекші арқылы іске асыруға болады. Бұдан бөлек жасанды интеллектің көмегімен алаяқтық схемалардың алдын алу көзделген.

Кирил Бачваров, Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары:

- Біздің көпшілікке таныстыруға тұрарлық жобаларымыз бар. Біз кең аудиторияға жасанды интеллект бағытында атқарып жатқан жұмыстарымызды және жүзеге асырған жобаларды көрсеткіміз келді. Мен өз баяндамамда бизнес туралы айтып, жаңа онлайн-ассистентімізді таныстырдым. 

Жиын инженерлерге, банк және бизнес өкілдеріне жаңа жобалар мен тың идеялар бойынша тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік. Конференцияда халықаралық компаниялардың сарапшылары да өз тәжірибесімен бөлісті. Ұйымдастырушылар мұндай кездесуді жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Авторлары Бекзат Үшкемпір, Сержан Жұмабаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz