Жолаушылар ұшақтың ішінде жоғары жылдамдықты спутниктік вай-файды тегін пайдалана алады.
Бұл қызмет бүгіннен бастап Эйр Астана компаниясының әуе кемелерінде қолжетімді. Бұны елдің Көлік министрлігі хабарлады. Алғаш болып тегін интернетті Алматы - Ташкент бағытына қатынайтын рейс жолаушылары пайдаланып көрді. Промо-кезең 31 қаңтарға дейін жалғасады. Ақпанның бірінен бастап вай-файға тек бизнес-класс жолаушылары және Номад Клаб бағдарламасының Голд пен Дайамонд мәртебесі бар мүшелері ғана қосыла алады. Көлік министрлігі елде ұшақтарды жоғары жылдамдықты интернет жүйесімен жабдықтау жалғасатынын хабарлады.
Тегтер #Қазақстан #ұшақ #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz