RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында тауарлы сүт фермасы көбейді

30.10.2026, 07:10 36

Қостанай облысында 3 жылда 13 замануи сүт фермасын ашу жоспарланған еді.  Алтынсарин ауданында былтыр 2  тауарлы сүт фермасы іске қосылды, биыл тағы екеуі ашылады. Келесі жылы да бір жоба жүзеге асады.

Жалпы елде кейінгі жылдары тауарлы сүт фермасы көбейді. Толық роботтандырылған, озық технологиялы кешендер де бар.  Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде әр өңірде 71 ферма іске қосылды.

Алтынсарин ауданында биыл ашылатын фермалардың әрқайсысында 400 бас сиыр сауылмақ. Обаған ауылындағы тауарлы сүт фермасының құрылысы жақында аяқталады. Бір ай бұрын голштино – фризска тұқымына жататын 344 құнажын әкелінді.  Бүгінде мал төлдеп, сүт бере бастады.

Төребек Қасымов, Тауарлы сүт фермасының бас зоотехнигі:

- Жаңа бұзаулаған сиырлар, сондықтан үш рет сауылады. Шамамен сол күніне 12 литр беріп жатыр. Ең кемінде сол 15 беруге тиісті. Үлкені енді 25-30 литрге дейін беруге тиісті.

Фермалар соңғы үлгідегі заманауи технологиямен жабдықталған. Сиырды сауу,  жем-шөбін беру, суару барлығы автоматтандырылған жүйемен атқарылады. Малдың жай-күйі, не жеп, қанша сүт бергендігі орталық басқару жүйесі арқылы бақыланады.

Арман Үзденбаев, шаруашылық басшысы:

- Бірінші кезекте  Мемлекет басшысына бізге осындай мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтқым келеді. Мұндай ауқымды жобаны мемлекет қолдауынсыз жүзеге асыру екіталай. Жоғары технологиялы мынау сүт сауу қондырғысы Параллель деп аталады. Бұл сауын блогы  800 сиырға есептелген. Болашақта мал басын ұлғайтсақ деген жоспармен осы қондырғыны орнатып жатырмыз.

Президент өз Жолдауында «Халықтық құрылыс» аясында ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту – стратегиялық міндет екенін  атап өтті. Өңірлерде заманауи тауарлы-сүт фермаларының салынуы, салаға тың серпін беріп, жергілікті өнім көлемін арттырды.

Асқар Сейдахметов, Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Бес  ферманың жобалық құны 17 миллиард 20 миллион теңгені құрайды. Қаржыландыру мәселдесі «Тобыл»  әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы алынды. Жалпы жылдық жобалық қуаты 15 мың тонна сүт құрайды. Және де 126 тұрақты жұмыс орыны ашылуда.

Ел бойынша ашылған 71 тауарлы сүт фермасы жыл сайын 462 мың тонна сүт өндіреді. Ал Қостанай өңірінде 13 ферма толық  қуатына көшкенде сүт өндірісі 165 мың тоннаға жетеді. Тиісінше жергілікті сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі еселене түседі.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz