RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ

Шымкент әуежайында 2,8 келі алтынды кеденнен заңсыз алып өтпек болды

30.10.2026, 10:25 44

Өзбекстан азаматтары Шымкент әуежайы арқылы Түркияға 227,8 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды «24KZ».

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, шетел азаматтары салмағы 2,8 келіге жуық бағалы металды кедендік бақылаудан жасырын өткізуді көздеген.

Олар алтынның бөлшектерін шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларына жағып, кедендік тексеруден жасырмақ болған.

Сот үкімі шыққанға дейін құны 227,8 млн теңгені құрайтын 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл шешім Бас көлік прокуратурасының өтініш хаттары негізінде қабылданды, – деп хабарлады прокуратура.

Қазіргі уақытта күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz