RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер

30.10.2026, 13:50 36

Енді жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістерге тоқталсам.

Мәселен, 3-бапта мемлекет қызметінің негізгі қағидаттары ретінде егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру қарастырылған.

Ал 4-бапта халық – егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі екені айтылса, 30-бапта неке мен отбасы, ана мен әкені, сондай-ақ  баланы мемлекеттің қорғайтынын көруге болады. Заңға сәйкес неке – мемлекет тіркеген ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде тайға таңба басқандай етіп жазылған. Адам құқықтарын қорғау да мемлекеттің кепілдіктері арқылы көрініс табады

Айталық, 18-бапта ұсталған адамның құқықтарын түсіндіру міндеті – «Миранда қағидасы», сондай-ақ ұсталған сәттен бастап адвокаттың көмегін алу құқығы бекітілген.

Ал 21-бапта дербес деректерді заңсыз жинау оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану кезінде қорғауға кепілдік берілген. Осылайша жаңа Конституция – мемлекеттілік негіздерінің мызғымастығын билік институттарын жаңартумен және адам құқықтарының кепілдіктерін кеңейтумен байланыстырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz