Жалпы еліміздің 7 өңірінде балаларды емдейтін заманауи аурухана салу жоспарланып отыр. Астанада екі медициналық мекеме бой көтереді. Бұл туралы Президент өз Жолдауында айтты.
Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға мән берілетінін жеткізді. Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігі кеңейіп, қаржыландыру көлемі ұлғаяды. Жолдау жүктеген міндеттер көптің көңілінен шығып, атыраулық дәрігерлер де бұл бастамаларды қолдап отыр. Қазір өңірде 2 мыңға жуық дәрігер еңбек етіп жатыр.
Тегтер #көпбейінді балалар ауруханасы #медицина #жолдау 2026 #АтырауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz