Жаңа кабинет Ядролық физика институтының базасында құрылды. Мұнда атом энергетикасы саласына қажетті инженерлер мен зерттеушілер практикалық дағдыларын дамытады, деп хабарлайды 24KZ.
Студенттер білімдерін жетілдіріп, заманауи технологияларды меңгереді. Білім мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтеді. Жаңа оқу сыныбы Holtec International компаниясының SMR-300 реакторы негізіндегі симулятормен жабдықталған. Симулятор шағын модульдік реакторлар мен олардың жүйелерінің жұмыс істеу қағидаттарын зерделеуге мүмкіндік береді.
Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:
- Президентіміз халыққа Жолдауын бағыттады. Сонда атом энергиясы жөні де ерекше орын алды. «Екі үлкен АЭС-нан басқа, тағы да үшінші кіші модульді реакторлар салынады», - деді. Міне, сол уақытты біз күтіп отырмай, бүгіннен бастап кадрларды даярлауға кіріскелі отырмыз.
«Алдағы уақытта бұл кешенді Орталық Азия елдерінен келген мамандарды оқыту үшін де пайдалануға болады», – дейді жауаптылар.
Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:
- Біздің Ядролық физика институтында 3 оқу орталығы бар. Осы 3 оқу орталығында соңғы 20 жылдың ішінде 5000-нан астам кадрлар, тек қана Қазақстан үшін емес, Орталық Азия үшін де дайындалып келе жатыр.
Тегтер #24KZ #Алматы #оқу сыныбы #Ядролық физика институты #реактор #жолдау 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz