Биыл Ақмола облысында 5 орман шаруашылығында өртті ерте анықтайтын 20 камера іске қосылды, деп хабарлайды 24KZ.
Заманауи бақылау жүйелері түтінді, рұқсатсыз от жағу фактілерін және өзге де заңбұзушылықтарды анықтап, ақпаратты бірден диспетчерлік орталыққа жібереді. Алдағы уақытта осындай бейнебақылау камералары басқа орман шаруашылықтарына орнатылады. Бұл туралы Қазақстан Халық кеңесінің мүшелерімен кездескен жергілікті орманшылар айтты. Жиында Президент Жолдауында көтерілген экологиялық сұрақтар жан-жақты талқыланды. Халық кеңесінің мүшелері өңір тұрғындарымен және бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесті.
Геннадий Шиповских, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:
– Бүгінгі сапардың мақсат-міндеттері – бірінші кезекте Мемлекет басшымыздың жақында ғана болған Жолдауын Қазақстан халқына қазақтың жалпақ тілімен жеткізіп, түсіндіру. Сонымен қатар маңызды тетіктеріне тоқталып өту. Осы еліміздегі болашақ жолдау еліміздегі қандай экономикалық әсерін береді? Сонымен қатар осы жолдаудың ішінде қандай маңызды тетіктерге тоқталғанымыз абзалырақ деген сияқты. Әрбір Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі өздерінің нақты тетіктерге тоқталып өтті.
Тегтер #24KZ #өрт қауіпсіздігі #камера #Ақмола облысы #Көкшетау #жолдау 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz