RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда жаңа ғылыми зерттеу орталығы ашылды

30.10.2026, 22:20 30

Satbayev University мамандары күріштің өнімділігін арттыратын биопрепарат жасады. Ол өсімдік тамырын 20–25 пайызға нығайтып, топыраққа түсетін зиянды әсерді азайтады, деп хабарлайды 24KZ.

Алматы облысындағы сынақ күріштің тиімділігін көрсетті. Бұл туралы Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының 70 жылдығына арналған конференцияда айтылды. Бүгін осы ұйымның жетекшісі, академик Аманкелді Садановтың 75 жылдық мерейтойы да аталып өтті. Ол – мыңнан аса ғылыми еңбектің, 180-нен аса патенттің авторы. Ғылыми орталық ғалымдары күздік бидайға зиян келтіретін бактериялар мен саңырауқұлақтарды анықтаған. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін Алматыда халықаралық зерттеу орталығы ашылды. Бұл – Қазақстан мен Қытай Ғылым академиясының бірлескен жобасы.

Аманкелді Саданов, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры:

– Ғылымның нәтижесі – өндіріске енуі, оның пайдасын халықтың көруі Қазақстанда бірінші жолға қойылып отыр. Жаңа шетелден келген адамдар айтты. Бүкіл Орталық Азияда бұл бірінші зауыттар шығып жатқан. Сондықтан бұл бастамасы деп түсінемін. Өйткені ғылым дамымай, елдің экономикасы дамымайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz