RU
Толық нұсқаға өту

Астанада дарынды оқушыларды қолдаудың жаңа тетіктері талқыланды

30.10.2026, 23:40 33

Астаналық 52 мыңнан астам оқушы өткен оқу жылында республикалық байқауларға қатысты. 1563 бала халықаралық жарыстарда бақ сынады, деп хабарлайды 24KZ.

Жас таланттарды қолдауға «Астана дарыны» орталығының 20 жылдық жұмысы негіз болды. Бүгін елордада ұйымның мерейтойына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Дарындылықты дамыту экожүйесі: ғылым, тәжірибе, болашақ» тақырыбындағы жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, халықаралық сарапшылар, педагогтер мен білім саласының өкілдері қатысты. Олар дарынды балаларды қолдаудың тиімді тетіктерін және жасанды интеллект дәуірінде оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытудың жаңа бағыттарын талқылады. Конференцияда жоғары қабілетті оқушыларды қолдаудың халықаралық тәжірибесі сөз болды.

Жанар Бейсенбаева, «Астана дарыны» орталығының басшысы:

– «Астана дарыны» орталығының 20 жыл ішіндегі жетістіктері аз емес. Биыл біз әлемдік рекорд орнаттық. Өздеріңізге белгілі, бес физигіміз халықаралық жарыста бес алтын медаль жеңіп алып, әлемдік рекордқа қол жеткізді. Ал 2025 жылдан бастап балабақшалармен жұмыс істейтін арнайы бөлім ашылды. Бұл бөлім «Жұлдызды жол», «Көркем сөз шебері» сияқты түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz