RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында 20 ірі әлеуметтік нысан салынады

31.10.2026, 09:28 44

Арқада алдағы үш жылда 20 ірі әлеуметтік нысан салу жоспарланып отыр.

Жаңа құрылыс қатарында мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер мен мәдениет орталықтары бар. Маңызды жобалардың бірі - Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде салынатын перинаталды орталық. Тағы бір ірі жоба - тұрғындар ұзақ күткен Конгресс-холл құрылысы. Нысанды 2029 жылға дейін салып, пайдалануға беру көзделген. Мемлекет басшысы 2027 жылды "Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы" деп жариялады. 

БЛИЦ: 

- Балабақша, мектеп міндетті түрде салу керек. Мен ауылда салу керек деп ойлаймын, ауылда кішкентай ғана мектептер, олардың котельныйлары нашар. Соған назар аударса деп ойлаймын. Жолдауда көрсетілген мәселе өте дұрыс, өте айқын көрсетілген. 

- Жүз пайыз керек қой. Болашақтағы балаларға, қазіргі балаларға, бізге. Жаңадан үйлер, жаңадан дүкендер салынып жатыр, енді әлеуметтік нысандар салынса керемет болады. Сондықтан "Жалпыхалықтық құрылыс жылы" деп жатыр. 

- Иә, әрине кешегі Жолдауда барлығымыз естігенбіз. Өте дұрыс нәрселер айтылды. Аурухана, мектеп, мәдени нысандар өте маңызды деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz