RU
Толық нұсқаға өту

Алматыдағы қолөнершілер жәрмеңкесі. LIVE

31.10.2026, 13:35 34

Алматыда Дүниежүзілік қолөнер кеңесі өкілдерінің қатысуымен жәрмеңке өтіп жатыр.

 Іс-шарада 50-ден астам шебер ұлттық нақыштағы бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Олардың дені, ең алдымен, дәстүрлі өнердің заманауи үлгісін таныстыруды мақсат тұтқан екен.

Жәрмеңкеде қандай ерекше бұйымдар бар екен?

Ернұр Рысбай, тілші:

- Иә, дәстүрлі өнер мен заманауи дизайн өзара үйлесім тапқан керемет көрмеге келіп қалдық. Айта кетейін, бұл жәрмеңкеге Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің өкілдері де арнайы келіп қатысуда. Бұл ұйым 1964 жылы құрылған екен. Олар дәстүрлі өнердің сақталуына және елдер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған жобаларды жүзеге асырады. Бүгінгі шараға шеберлер киізден, былғарыдан, ағаштан, тіпті темірден жасалған дүниелерін әкеліпті.

Қазақстанда халықтық қолөнер креативті индустрияның маңызды саласына айналып келеді. Ресми мәлімет бойынша елімізде бұл бағытта 12 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді екен. Жәрмеңке екі күнге жоспарланған. Қала тұрғындары мен қонақтарына кіру тегін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz