Елде «Автормен кездесу» әдеби жобасы жүзеге асырылып жатыр. Науқан «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл оқырмандардың отандық әдебиет өкілдерімен тікелей тілдесетін, туындыларды тереңірек түсініп, пікір алмасатын алаң. Кездесу заманның заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» романына арналып, әдебиеттанушылар Бақтыбай Жайлау мен Әнуарбек Бимағамбет қатысты. Олар романның көркемдік ерекшеліктері мен тарихи мазмұнына қатысты ойын ортаға салып, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Елена Әбдіхалықова, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Қазақ ойшылдарының ішінде Әбіш ағаның орны ерекше. Әлемге әйгілі біздің ұлы, қазақтың ұлы перзентінің бірі деп есептеймін. Ал енді мынау тарихи романдарды жазуда Әбіш ағаның орны өте айқын. Тек ғана тарихи детальдарды емес, оның көркемдік мәнін, мағынасын келтіре жазған жазушы. Ол кісінің «Елең алаңы» да, «Үркері» де қазақтың кешегі өткен тарихын тануда үлкен рөл ойнайды деп ойлаймын.
Тегтер #24KZ #роман #кітап #Кітап оқитын ұлт #Үркер #Әбіш Кекілбаев #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz