RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Қазақстан бойынша 2026 жылғы қарашаға арналған ауа райы болжамы

31.10.2026, 22:30 36

Консультативтік болжамға сәйкес Қазақстанның басым бөлігінде қараша айы әдеттегіден 1-2 градусқа жылы, елдің солтүстік-батыс бөлігінде климаттық норма шамасында болады деп күтілуде, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Қазақстан аумағы бойынша бір ай ішінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтілуде. Жауын-шашын, кейбір күндері қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болады деп болжануда.

Қарашаның бірінші аптасында жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы, аздаған бұлтты ауа-райы басым болады. Тек елдің солтүстік-шығысы мен шығысында айдың басында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, түнгі уақытта тұман болуы мүмкін. Бірінші онкүндіктің ортасында елдің батыс өңірлерінде белсенді циклонның әсерімен Қара теңіз аудандарынан жауын-шашын (жаңбыр, қарға ауысумен) күтіледі, онкүндіктің соңына қарай республиканың қалған өңірлерінде де жауын-шашынмен қолайсыз және желді ауа райы болжануды, Қазақстанның оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр күтіледі. Тұрақсыз ауа-райы тұманмен, көктайғақ құбылыстарымен және екпіні 15-28 м/с дейін желдің күшеюімен бірге жүреді.

Айдың басында ауа температурасының негізгі фоны:

- елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз +12+22°С;

- солтүстікте, солтүстік-батыста (Қостанай облысы), орталықта және шығыста түнде -1-8°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқу, күндіз +5+13°С болжанады.

Бірінші онкүндіктің соңында елдің солтүстік жартысында күндіз температура фонының 0,+5°С дейін, оңтүстік жартысында +8+13°С дейін, батыста +2+10°С дейін төмендеуі күтіледі.

Қазақстанның таулы аймақтарында ауа температурасының түнде -3+2°С-тан-5-10°С-қа дейін ауытқуы, күндіз +2+10°С күтіледі.

Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде жиі ауытқуы бар температуралық фон күтіледі: елдің солтүстік жартысында түнде -1-13°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +1+10°С-тан 0,-5°С-қа дейін, елдің оңтүстік жартысында түнде 0,-5°С-тан +2+10°С-қа, күндіз 0,+5°С-тан +7+15°С-қа дейін.

Алайда, жекелеген күндері елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасының -10-18°С-қа дейін төмендеуі күтіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz