RU
Толық нұсқаға өту

Жетісуда төрт жылда  276 әлеуметтік нысан жаңартылды

01.11.2026, 09:30 59

Жетісу облысында 4 жылда 276 әлеуметтік нысан жаңартылды.  

Облыстық және республикалық маңыздағы 1500 шақырым жол жөнделді.  Таулы аймақта баламалы энергия өндіретін станциялар салынып жатыр. «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» аясында тағы бірнеше инфрақұрылымдық және энергетикалық жоба жүзеге асып, жаңа нысандар бой көтереді.  Жауаптылардың айтуынша, бұл өз кезегінде Талдықорғандағы электр құрылғыларын шығаратын зауыттың да жұмысына серпін береді. Айта кетейік, биылғы Жолдауында Президент барлық өңірдің әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын жаңартуға қомақты қаржы бөлінетінін жеткізді.

БЛИЦ:

- 2027 жылы Балқашта атом электр станциясының құрылысы басталса, сонымен қатар жергілікті жерде су және жел электр станциялары салынса, біздің жабдықтарымызға  тапсырыстар көптеп түседі. Тиісті құрылғыларды жасау арқылы біздің кәсіпорын еліміздің энергетика саласын дамытуға өз үлесін қосады.

- Құрылыстың дамығаны оң шешім деп қабылдаймыз. Халыққа жұмыс болады. Үй болады. Мектеп болады, садик болады, ауруханалар болады. Құрылыстың дамығаны халық үшін жақсы болады деп ойлаймын. 

 - Өте жақсы Жолдау болды. Ауылды жерлерге инфрақұрылым, аурухана салып жатқандары, ауылға бағыттап, көтеріп жатқандары өте жақсы болып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz