RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда егін өнімділігін арттыруға басымдық берілуде

01.11.2026, 17:20 39

Елде егіншілік тиімділігін арттыру үшін жоғары табысты дақылдардың егіс көлемі ұлғайтылып, заманауи агротехнологиялар енгізілуде, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл жұмыстар ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе арттыруға арналған жол картасы аясында жүргізіліп жатыр. Биыл элиталық тұқымдардың үлесі 12 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 7 пайызға жетті. Сонымен бірге су үнемдеу технологияларын қолдану ауқымы кеңейтіледі. Негізгі мақсат – әр гектардан алынатын өнімді көбейтіп, өндіріс шығынын азайту және аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz