Павлодарда жол белгілерінің жай-күйі тексерілуде, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz сілтеме жасап.
Павлодар қаласында полиция қызметкерлері көшелерде орнатылған жол белгілерінің жай-күйін тексеруде. Іс-шара барысында белгілердің техникалық жағдайына, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге көрінуіне, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылады.
Тексеру кезінде жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін бүлінген, жоқ немесе анық көрінбейтін жол белгілері анықталады.
Мұндай іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz