Жамбыл облысында алдағы үш жылда жаңартылатын энергия өндіретін нысандар қуаты 2,5 гигаватқа жетеді. Қазір өңірде осы бағыттағы екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр.
Жалпы аймақта 22 нысан жұмыс істеп тұр. Солардың қатарында Бурное Солар күн электр станциясы бар.
Жуалы ауданындағы Бурное Солар күн электр станциясының алғашқы кезеңі 2015 жылы қосылған. 2018 жылы екінші кезеңі жүзеге асты. Қазір мұнда 400 мыңға жуық күн панельдері бар. Олар сағатына 100 мегават электр қуатын өндіреді.
Жамбыл облысындағы ең ірі күн электр станциясы 150 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда өндірілетін электр қуаты шамамен 70 мың тұрғын үйді жарықпен қамтамасыз етуге жетеді. Нысанның жұмысы автоматтандырылған жүйе арқылы бақыланады.
Мұрат Ташметов, күн электр станциясының инженері:
- Бұл объект толықтай автоматты түрде жұмыс жасайды. Тек қана бізге офисқа мониторинг жүргізілген. Мониторингта әр панельдің әр стринганың қалай жұмыс жасауын көріп тұрамыз. Апатты өшіп қалған жағдайда бізге сигнал келеді. Сол сигнал бойынша келіп қалыпқа келтіреміз.
Жалпы Жамбыл облысы жаңартылған энергия көзін өндіру бойынша республикада үздік үштіктің қатарында. Қазір аймақта жалпы қуаты 571 мегаватт болатын 22 нысан жұмыс істейді. Оның 10-ы жел электр станциясы болса, 6 су және сонша күн электр станциясы бар. 2029 жылға дейін тағы екі ірі нысан іске қосылады. Алдағы 3 жылда өндірілетін энергия көзін бес есе арттыру көзделіп отыр.
Нұрәділ Әбдірахман, облыстық Энергетика басқармасының бөлім басшысы:
- Мойынқұм ауданында Тотал эренж ЖШС тарапынан қуаты 1 Гегаватты құрайтын жел электрт станциясы 2028 жылы іске асырылу жоспарлануда. Одан бөлек Сарысу, Талас аудандарында Mazdar компаниясы тарапынан қуаты 1 гегаватты құрайтын жел электр станциясы 2029 жылы іске асыру жоспарлануда. Облысымызға ай сайын салық төлеп отыратын болады және де қосымша жұмыс орындары ашылатын болады.
Энергетиктердің мәліметінше, 2029 жылға қарай аймақтағы жаңартылатын энергия өндіретін нысандар қуаты 2,5 гигаватқа жетеді. Бұл облыс тұрғындары тұтынантын электр қуатының 60 проценті болмақ.
Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев
Тегтер #жасыл энергия #күн #инвестициялық жоба #Жамбыл облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz