Президент тапсырмасына сәйкес өңірлерде жаңа әлеуметтік нысандар мен автожолдар қолданысқа берілді, деп хабарлайды 24KZ.
Атап айтқанда, Алматы облысының Нарынқол ауылында емхана, Өскеменде Гематология орталығы салынды. Ал Түркістан облысының Сарыағаш ауданында шағын футбол, волейбол және баскетбол алаңдары ашылса, Қостанайда мың орындық стадион бой көтерді. Сондай-ақ шығыста Тереңсай айналма автожолы мен Пихтовка өзенінде көпір салынды. Алматы облысында Кеген – Нарынқол жолының учаскесі орташа жөндеуден өтті. Ал Жетісу облысындағы Мұқыры асуында 4 жолақты автожол ашылды.
Тегтер #әлеуметтік нысандар #автожол #стадионPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz