Ақмола облысында 10 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы ашылды. Ауқымды жоба «Береке» жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы жүзеге асты. Президент тапсырмасына сай жергілікті билік өңірде ет кластерін құрып, экспорттың әлеуетін арттыруға күш салып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір біз облыс орталығына шалғай орналасқан Ерейментау ауданына қарасты Торғай ауылындағы шаруашылықта тұрмыз. Бұл серіктестік мал шаруашылығымен 10 жылға жуық айналысады. Қазір мұнда 500-ге жуық ірі қара мен 4 мыңнан астам қой бар. Ал дайын өнімдерін ішкі нарықтан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктері мен Катар мемлекеттеріне экспорттайды. Қазір шаруашылық мемлекеттік қолдаудың арқасында мал басын көбейтіп жатыр. Мәселен, өткен аптада асылтұқымды мың бір жүз бас «дорпер» қойын сонау Аустралиядан әкелген. Бір ерекшелігі бұл қойлар етті келеді. Мысалы, бір айлық қозысының салмағы 25 келіге жетсе, үлкен қошқардың салмағы 140 келіден асады. Тағы бір ерекшелігі, дорпер қойлары қырқуды мүлдем қажет етпейді. Жалпы, өңірде осындай ет кластерін құруда қанша жоба жүзеге асып жатыр? Бұл туралы жауапты мамандардан сұрап білсек. Дәл қазір менің жанымда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов тұр. – Нұрбек Бақтыбайұлы, Президент пәрменіне орай өңірде ет кластерін құруда қандай жобалар жүзеге асуда? Шаруалар үшін қандай тиімді бағдарламалар бар?
Абзал Азаматұлы, тілші:
– Қазір аймақта осындай 10-ға жуық бордақылау алаңы жұмыс істейді. Былтыр өңірде 210 мың тонна ет өндірілді. Етті қайта өңдеуде өсім бар. Мәселен, жыл басынан бері ет өндірісі 76 мың тоннаға жеткен. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артық. Мендегі бар ақпарат әзірге осы.
Тегтер #Ақмола облысы #бордақылау алаңы #жобаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz