RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Атырауда экстремистік топ құрды деген күдікпен 10 адам ұсталды

02.11.2026, 12:48 37

Атырау қаласында экстремистік топ құрды және терроризмді насихаттады деген күдікпен 10 адам ұсталды. Арнайы операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен жүргізген, деп хабарлайды «24KZ».

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгерту мақсатын көздеген.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Олар құрған балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды.

Топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz