RU
Толық нұсқаға өту

Жолдау-2026: Құрылтай депутаттары Қосшыда

02.11.2026, 15:50 55

«Жолдаудың маңыздылығы адами капиталды дамытуға жағдай жасауында». Астана іргесіндегі Қосшы қаласында ұстаздар қауымымен жүздескен Құрылтай депутаттары осылай деді.

Яғни тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта жасап, еңбек өнімділігін арттыру негізге алынған. 2027 жыл «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялануы да бекер емес. Себебі әлеуметтік инфрақұрылымның игілігін көрмей жатып, игі іс жасауға ынталандыру қисынсыз. Жұртшылықтың жұмысы да, тұрмысы да түзелсе, қалғаны өзі реттеледі. Сондықтан Жолдаудың ойдағыдай орындалуына барлығы жауапты. Бұдан бөлек депутаттар әр маманға құрмет бөлек, соның ішінде мұғалімге тіптен ерек екенін айтып, мәртебесін сөз емес, іс жүзінде көтермелеу тетіктері қарастырылатынын жеткізді. 

Шолпан Каринова, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Президент осы Жолдауда педагогикалық ұжымның ішінде осы Жолдауды өзіне тікелей қалай орындаймын, Жолдауды орындау үшін әр мұғалімнен, педагогикалық ұжымнан не талап етіледі деген сұраққа назар аударғым келді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz