Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, саяси науқанға жалпы 10 мың 971 кандидат тіркелген.
Ал еліміздің 20 өңіріндегі түрлі деңгейдегі мәслихаттарға саяси партиялар 1 219 адамнан құралған 99 партиялық тізімді ұсынды. Тізімдегі әйелдер мен жастардың жиынтық үлесі 43 пайызды құрап отыр. Бұл ретте 3 мыңнан астам бірмандатты сайлау округі бойынша 9 752 кандидат тіркелді. Сәйкесінше, бір мандатқа 3 адам таласады.
Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезеңдері аяқталды. Бұл сайлау науқанындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Осы кезеңде саяси партиялардың партиялық тізімдері ұсынылып және бірмандатты сайлау округтері бойынша кандидаттармен бірге тіркеуден өтті. Ендігі кезекте өңірлердені сайлау науқанының осы кезеңдегі өңірлердегі қорытындыларымен танысуымыз қажет.
Саяси партиялардың, Бас прокуратураның, сайлауға жауапты министрліктердің, Ұлттық Банкі және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста жеребе тартылып, дауыс беру бюллеттенінде әр партияның орналасу реті анықталды. Бұған сәйкес тізім басына «Ауыл» партиясы қойылса, екінші сатыға «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», әрмен қарай «Қазақстанның Халық партиясы», «Respublica» партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы орналасып, тізім соңын «Әділет» партиясы тәмамдады. Жеребе қорытындылары Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тарапынан тиісті хаттамамен бекітіледі.
Ләззат Сүйіндік, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Қазіргі сайлау науқаны аясында үгіт кезеңі 1 қараша күні сағат 18.01-де басталып, 28 қараша күні сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Дауыс беру алдындағы алдындағы күн 28 қараша тыныштық күні болып саналады. Бұл күні сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынады. Дауыс беру күні толтырылған бюллетеннің фото немесе бейне түсірілімін жүзеге асыруға, сондай-ақ оны таратуға тыйым салынады.
Тегтер #маслихат #депутат #үгіт насихатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz