RU
Толық нұсқаға өту

Астанада студенттер арасында республикалық пәндік олимпиада басталды

02.11.2026, 16:10 42

Еуразия ұлттық университетінде студенттер арасында тарихтан республикалық пәндік олимпиада басталды. Қатысушылар «Жошы ұлысы – Алтын Орда және қазақ мемлекеттілігінің тарихы» тақырыбында сайысқа түседі. Іс-шараны тарих факультетінің «Алтын Орда өркениеті» кафедрасы ұйымдастырған. Биыл бірінші рет өтіп жатқан олимпиадаға Қазақстанның 10 университетінен 40 шақты студент келген. Олар бірнеше кезеңнен тұратын білім бәйгесінде бақ сынайды.

Мақсат Алпысбесұлы, ЕҰУ «Алтын орда өркениеті» кафедрасының меңгерушісі:

- Олимпиаданы жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Арнайы бұйрықпен ресми шешімі қабылданып, бекітілген. 10 шақты топ бүгін өз өнерін көрсетеді. 4 межеден өтеді. Тарихқа қатысты бейнероликтерін көрсетеді, эссе, тест сынамаларынан өтеді және командалардың топ басшылары өзара білім сынасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz