RU
Толық нұсқаға өту

Елде жол сапасына бақылау күшейеді

02.11.2026, 16:20 40

Жол құрылысына қойылатын талаптар да жаңартылады. Үкімет саланы реформалау жөніндегі ұсыныстарды қараша айының соңына дейін әзірлеуді тапсырды. Бұл мәселе Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды. 

Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өміралиевтің айтуынша, тексерулер нәтижесінде 33 қылмыстық іс қозғалған. Негізсіз жасалған келісімшарттардың күші жойылып, бюджеттен 36 миллиард теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді. Сондай-ақ кепілдік мерзімі бітпеген жолдарды қайта жөндеуге бюджеттен қаржы бөлуге арналған тендерлер анықталған. Енді жол салу талаптары әр өңірдің ауа райы мен көлік қозғалысының қарқынына қарай жаңартылады. Асфальт сапасын зертханада тексеру күшейтіліп, жаңа технологияларды қолдану ұсынылды. Ауыр жүк көліктерінің салмағы мен көлеміне бақылау да қатаңдайды. Ал оларды бақылайтын цифрлық құралдар бірыңғай «E-Kolik» жүйесіне біріктіріледі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, отандық зауыттар жолға қажетті битумның бірнеше түрін, соның ішінде арнайы қоспалармен беріктігі арттырылған өнімдерді шығаруға дайын.

Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Президент тапсырмасының аясында Үкімет басшысының қаулысымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының мақсаты – толық жол саласын реформалау мәселесі. Жұмыс тобының аясында барлық жол құрылысына байланысты мәселелер көтерілді. Біріншіден, ол мердігердің жауапкершілігі. Барлығымызға мәлім, соңғы 10 жылдың ішінде толық климат мәселесі және қозғалыс қарқындылығы мәселесі толық өзгерді, яғни жыл сайын жоқ дегенде 15-20%-ға қозғалыс қарқындылығы ұлғайып жатыр. Көліктердің саны мен түрі де өзгеріп жатыр. Қозғалыстың 40% ол – жүк көліктер. Сол себеппен арнайы нормативтерді өзгерту қажеттілігі бар. Битум мәселесі бойынша PG технологиясы халықаралық деңгейде пайдаланылады. Сол PG технологиясын енгізу үшін сонда ұсыныс енгізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz