RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа энергетикалық нысандар іске қосылады

02.11.2026, 17:00 50

Алдағы үш жылда Қазақстанда жалпы қуаты 13,3 гигаватт болатын жаңа энергетикалық нысандар іске қосылады.

Оның 7,4 гигаваты дәстүрлі электр станцияларына, 5,9 гигаваты жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл жобалар елді электр қуатымен тұрақты қамтып, экономикаға қажетті энергия өндіруді арттыруға бағытталған. Бұл туралы бүгін Құрылтайдағы комитет отырысында айтылды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің мәліметінше, қазір елде электр энергиясын өндіретін 254 нысан жұмыс істейді. Оның 172-сі жаңартылатын энергия нысаны. 

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарға сәйкес жалпы қуаты 320 МВт жаңа генерация объектілері іске қосылады, бұл электр энергиясының профицитіне шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, электр энергиясын өндіру көлемі 134,1 млрд кВт·сағ, ал тұтыну көлемі 132,8 млрд кВт·сағ құрайды. Күтілетін профицит – 1,3 млрд кВт·сағ. 2028 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 143,4 млрд кВт·сағ-қа дейін ұлғаяды деп болжануда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz