Ең төменгі жалақы мөлшерін көбейтіп, әлеуметтік көмек жүйесін қайта қарау және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселелерге ерекше назар аударды. Бүгін Құрылтай депутаттары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев бастаған топ Алматыда кездесу өткізді. Жиында Жолдауда қамтылған бағыттар талқыланды. Мемлекет басшысы инклюзивті ортаны дамытуға ден қойып отыр. Бұл салада Алматының жетістігі жаман емес. Мысалы, қаладағы 6 мыңға жуық нысан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімделген. Ерекше балаларға арналған ойын алаңдары салынып жатыр. Арнайы орталықтар ашылуда. Мұнда үйірмелер мен курстарға қатысуға болады. Қала бойынша мұндай сегіз орталық жұмыс істейді. Депутаттар осындай бастамалар мен ұсыныстар міндетті түрде ескерілетінін айтты.
Айдос Сарым, ҚР Құрылтайының депутаты:
- Әр салада заң жұмысына қатысты ойларын мен жазып алып жатырмын. Негізі жұмыс бойынша осы күндері жиналған барша пікірлерді жинап, өзіміздің ақпараттық базаларға, оның ішінде жасанды интеллект пен қамтылған «Әділет» деген бағдарламамыз бар, соның ішіне салып өңдейтін боламыз.
Тегтер #жолдау 2026 #Алматы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz