RU
Толық нұсқаға өту

Отандық бидайдың 72% азық-түлікке жарамды

02.11.2026, 20:25 32

Қазақстан күрделі ауа райы жағдайына қарамастан жоғары сапалы бидайдан рекордтық өнім жинады, деп хабарлайды 24KZ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл жиналған жұмсақ бидайдың шамамен 72 пайызы азық-түлікке жарамды үшінші класқа жатады. Әсіресе Ақмола облысында жоғары нәтиже тіркелді. Өңірде үшінші класты бидайдың үлесі 90 пайызға жеткен. Министрлік өкілдерінің айтуынша, жиналған сапалы астық елдің азық-түліктік бидайға деген ішкі сұранысын толық қамтамасыз етеді. Сонымен қатар астық сапасының жоғары болуы қазақстандық өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz