Бүгін елде «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Оған қыз-келіншектер қатыса алады. Атында баспана болуы маңызды емес.
Бастысы – депозитіндегі бастапқы жарна Астана мен Алматы қалалары үшін 20 пайыз, ал өзге аймақтар үшін 15 пайыздан кем болмауға тиіс.
Жобаның бұл кезеңіне 20 млрд теңге бөлінген. Салымшы кейінгі 6 айдағы ресми табысын растауы қажет. Қарыз сомасы 50 млн теңгеге дейін, ал жылдық мөлшерлемесі – 14,8 пайыз. Жаңа үйлермен қатар екінші нарықтан баспана таңдауға болады.
Тегтер #ұмай #үй #бағдарлама #қыз келіншек #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz