Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий теңізінің акваториясында халықаралық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды «24KZ».
1 қарашада Шекара қызметі мен Маңғыстау облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері 3 шетелдік азаматты ұстады.
Күдіктілер жылдам жүретін катермен қуғын кезде қашуға әрекеттенген.
Сонымен қатар жағалау аумағында 2 Қазақстан азаматы қолға түсті. Операция барысында 22 келі апиын, 27 келі гашиш, 60 келі марихуана және шағын жылдам жүретін катер тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Тегтер #ҰҚК #Маңғыстау облысы #есірткі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz