Таразда 17 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тараз қаласының тұрғыны полицияға пәтерінен 30-дан астам алтын бұйымын, гаухар тастарын және 830 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Күдіктілер пәтерге үйде ешкім жоқ кезде келіп, есіктің құлпын бұзып кірген. Қолды болған ақшаның арасында қырғыз сомы, еуро, қытай юані болған.
Жалпы келтірілген шығын көлемі 17 миллион теңге. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстады. Күдіктілердің бірі - Түркістан облысының тұрғыны. Тінту кезінде күдіктілердің әрқайсысынан айғақ заттар табылған. Олар кейбір бұйымдарды сатып үлгерген.
Қазіргі уақытта аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тегтер #Тараз #ұрлық #алтын бұйымдар #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz