Павлодар облысында қысқа қажетті мал азығы толық дайындалды. Шаруалар жоспардан артық жем-шөп жинаған. Мамандардың айтуынша, бұл қор малды көктемге дейін азықтандыруға жетеді, деп хабарлайды 24KZ.
Биыл өңірде пішендеме рекордтық көлемде дайындалған. Шаруашылықтар 112 мың тоннадан астам пішендеме, 242 мың тонна сүрлем және 300 мың тоннаға жуық сабан жинады. Сонымен қатар «Азық-түлік корпорациясы» шаруаларға қосымша жемдік астық ұсынып отыр. Өңірде сүт фермалары көбейіп келеді. Сондықтан шаруашылықтар мал азығының көлемімен қатар оның құнарлы болуына да ерекше көңіл бөлген.
Есентай Мұрсәлімов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
– Биыл мал азығын дайындау жоспары 1 миллион 316 тоннаны құрады. Жоспар толық жүзеге асты. Қазір дайындалған жем-шөпті тасымалдау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, пішендеме мен сүрлем дайындау жоспары да 100 пайыз орындалды. Өңірде тауарлы-сүт фермаларының саны артқан. Сондықтан биыл жүгері егістігі мен жоңышқа алқабының көлемі ұлғайтылды. Диқандар егін жинау науқаны кезінде сабан қорын да жасақтап алды.
Тегтер #24KZ #Павлодар облысы #рекордтық көрсеткіш #мал азығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz