Көкшетауда 300 орынға арналған қазақ музыкалық-драма театры салынады. Жаңа нысан шаһардағы «Сарыарқа» шағын ауданында бой көтереді. Бүгін өнер ордасының алғашқы қазығы қағылды, деп хабарлайды 24KZ.
Салтанатты шараға өңір басшысы, жергілікті зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының мамандары қатысты.
Көкшетаулықтар жаңа театрдың салынуын көп күтті. Әсіресе театр әртістерінің қуанышында шек жоқ. Өйткені олар осы уақытқа дейін отыз жыл бұрын салынған ғимаратта жұмыс істеп келді.
Жанар Құсайынова, ҚР Мәдениет қайраткері:
– Біз үшін үлкен қуанышты, тарихи сәт. Барлық көкшетаулықтардың қуанышы. Қазақ халқы: «Баласыз ана тұл, өнерсіз халық тұл», - дейді. Сондықтан бүкіл көкшетаулықтар үшін бұл – үлкен жаңалық, үлкен қуаныш.
Айталық, жаңа өнер ошағы өңірде Президент атап өткен «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында салынатын алғашқы нысан болмақ.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
– Кеше ғана жолдауда айтылған мәселелер сол қаражаттан 1,5 трлн-нан осы жерге де қаражат бөлініп жатыр осы құрылысқа да. Сондықтан осы құрылысты, басқа да құрылыстарды біз бой көтеруіне, бүкіл халықпен бірігіп, тез арада бір сапалы құрылыс жасауға ықпал жасауымыз керек.
Жаңа мектеп ашылды
Бұдан бөлек, облыс орталығының іргесіндегі Чайкино ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім ошағы нәбәрі төрт айға жуық уақытта бой көтерді. 120 орынға арналған білім беру ұйымы оқушыларға жайлы, заманауи талапқа сай салынған.
Надежда Криворог, Чайкино ауылының тұрғыны:
– Мен кезінде осы мектепте өзім оқығанмын. Ол кезде спортзал, асхана деген атымен болмаған. Қазір жаңартылған мектепті көріп, қуанышым қойныма сыймай тұр. Өйткені менің қызым осында білім алады.
Ал жыл соңына дейін өңірде мың жарым орынға арналған тағы бір мектеп ашылады деп жоспарланып отыр. Жаңа оқу ошағы Қосшы қаласында орналасқан.
Авторлары: Абзал Балтабаев, Евгений Шинкоренка
Тегтер #24KZ #жарнама #Көкшетау #театр #музыкалық драма #халықтық құрылыс #жолдау 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz