Елде өсімдік майын өндіру көлемі артты. Биылғы тоғыз айда 827,8 мың тонна өнім шығарылған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 25,2 пайызға көп, деп хабарлайды «24KZ».
Өнімнің басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында өндірілген. Экспорт көлемі де өскен. Қаңтар-тамыз аралығында шетелге 704,7 мың тонна күнбағыс майы жөнелтілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,7 пайызға артық. Ал ішкі нарыққа 176,9 мың тонна күнбағыс майы жеткізілген.
Тегтер #24KZ #өсімдік майы #өндіріс #экспорт #ішкі нарық #күнбағыс майыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz