RU
Толық нұсқаға өту

Қарасай ауданында 6 медициналық мекеме салынады

03.11.2026, 19:50 55

Алматы облысы Қарасай ауданында 6 медициналық мекеме салынады. Қазір олардың жобалық-сметалық құжаттары дайын. Соның бірі – Қаскелең қаласында пайдалануға берілетін 500 адамға арналған емхана, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Құрылтай депутаты Арман Жансеңгіровпен кездесуде айтылды. Басқосуда Президент Жолдауында көтерілген мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсетудің маңызын атап өткен еді. Жиында басқа да әлеуметтік нысандарды салу ұсынылды.

Арман Жансеңгіров, ҚР Құрылтайының депутаты:

– 2027 жыл – «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жарияланды. Осы мақсатқа ел қазынасынан 6,5 трлн теңге бөлініп, оның 1,5 трлн теңгесі әлеуметтік нысандар салуға жұмсалады. Соның ішінде денсаулық сақтау саласында 70-ке жуық нысан бой көтереді.

Азамат Жандосов, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары:

– Қазір біздің ең жақын нысан – перинаталдық орталықтың құрылысы осы жылдың соңына дейін басталады деп отырмыз. Сонымен қатар жұқпалы аурулар ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдың соңында немесе келер жылдың басында басталады. Қалғандары қаржы бөлінуіне қарай кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz