Алматыда «Біз бақытты баламыз» әдеби шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ұйымдастырушы – «Балдырған» журналы, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл жолы бәйге балалар жазушысы, ақын Қастек Баянбайдың 90 жылдығына арналды. Ақынның өзі: «Бар әдебиеттің бастауы – балалар әдебиеті», – деп ерекше баға берген. Байқаудың мақсаты – жас оқырманның көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, балаларға арнап қалам тербеп жүрген авторларды қолдау. Биыл шығармашылық бәйгеге 150-ден аса туынды түскен. Қаламгерлердің еңбектері проза, поэзия, ертегі жанры бойынша іріктелді. Осы үш номинация бойынша бірінші орындарды Болат Үсенбаев, Толымбек Әбдірайым және Сәбит Дүйсенбиев иеленді. Байқауды жеке кәсіпкер қаржыландырды. Жеңімпаздардың шығармалары «Балдырғанға» басылады.
Ерғали Бақаш, «Балдырған» журналының бас редакторы:
– Біз «Балдырған» журналына жүлде алған дүиелдерді жариялайтын болғандықтан бұл дүниелер үлкен шрифта, балалардың талаптарына сай, көркем, әдемі суретпен безендіріліп беріледі. Сондықтан жазылған дүниелер қысқа-нұсқа, тәлім-тәрбиелік мәні болғаны дұрыс. Біз осы жағына баса мән береміз.
Толымбек Әбдірайым, балалар жазушысы:
– Мен өзі «Қаздар ұшып барады» деген көлемі 3 беттен аспайтын әңгіме жаздым. Бұл жерде мейірім тұр ғой. Балалардың құстарға деген, ортаға, табиғатқа деген мейірім, қайырым мәселесі жатыр деп ойлаймын. Соны екі баланың образы арқылы бергім келді. Бердім деп ойлаймын.
Тегтер #24KZ #Алматы #байқау #шығармалар #балаларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz