RU
Толық нұсқаға өту
видеодан алынған скрин

Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні шетелге заңсыз әкетпек болды

04.11.2026, 11:18 45

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні шетелге заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді. Сирек кездесетін құстар Түркістан облысындағы «Целинный» өткізу пунктінде анықталған,  деп хабарлайды «24KZ» ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылғы 31 қазанда шекарашылар Қазақстан азаматын ұстады. Ол ителгілерді контрабандалық жолмен ел аумағынан алып шығуға әрекеттенген.

Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 миллион теңгеден асуы мүмкін.

Аталған факті бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz