RU
Толық нұсқаға өту
фото: кадрдан

«Халықтық құрылыс» жобаларын бақылайтын мемлекеттік комиссия құрылады

04.11.2026, 14:18 40

Қазақстанда «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау үшін мемлекеттік комиссия құрылады. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар депутаттар, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер мен журналистер кіреді. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды 24KZ.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмасына сәйкес, Үкімет ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасын әзірлеуге кіріскен. Жоба аясында елдегі құрылыс көлемін ұлғайтып қана қоймай, нысандардың сапасы мен қауіпсіздігіне және бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына қоғамдық бақылау орнату көзделіп отыр.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, біз ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасын әзірлеуге кірістік. Оның аясында республика бойынша құрылыс көлемі одан әрі арта түседі. Құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Халықтық құрылыс» жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады. Оның құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер және журналистер кіреді. Ауқымды құрылыс жұмыстары отандық құрылыс материалдарымен және өндірістік базамен қамтамасыз етіледі, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Бірінші вице-премьердің мәліметінше, биылғы тоғыз айда елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 7,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға көп. Жыл соңына дейін республика бойынша 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz