Зайсан мен Кендірлідегі жаңа әуежайлардың құрылысын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал Қатонқарағайдағы әуежай келесі жылдың ақпан айында пайдалануға беріледі. Үш әуежайдан жолаушылар тасымалы 2027 жылдың алғашқы жартыжылдығында басталуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Оның айтуынша, үш әуежайдың құрылысы 2024 жылы басталған. Нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Қатонқарағай аудандарында, сондай-ақ Маңғыстау облысының Кендірлі елді мекенінде салынып жатыр.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #әуежай #Қатонқарағай #Зайсан #КендірліЗайсан мен Кендірлідегі әуежайлардың құрылысын осы жылдың соңында толық аяқтаймыз деп отырмыз. Ал Қатонқарағайдағы әуежайды келесі жылдың ақпан айында ел игілігіне табыстайтын боламыз. Бір айта кететін жайт, құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін де құжаттарын рәсімдеп, лицензиялар алу керек. Сондықтан әуе кемелерін қабылдау және жолаушылар тасымалы алдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында басталады, деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz