RU
Толық нұсқаға өту
polisia.kz

Ақтөбеде үйдің шатырынан 25 келі марихуана табылды

04.11.2026, 16:17 44

Полиция қызметкерлері «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысты деректі анықтады, – деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбенің үш тұрғыны ұсталды. Тұрғын үйлердің бірінде жүргізілген тінту барысында қызметтік иттің көмегімен үйдің шатырынан көлемі 50 және 25 литр болатын екі бөшке табылды. Олардың ішінен өсімдік тектес зат тәркіленді. 

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 25 келіден асады. 

Сонымен қатар екінші күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде полиция қызметкерлері есірткі заты болуы мүмкін пакет пен есірткі тұтынуға арналған құралдарды тәркіледі. 

Алдын ала мәліметтер бойынша ұсталған үш азаматтың барлығы да ұстау кезінде есірткілік масаң күйде болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz