Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып кетті, деп хабарлайды «24KZ».
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Текелі қаласында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша Volvo маркалы экскаватордың жүргізушісі қиылыстан өту кезінде жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан 11 жастағы қызды қағып кеткен.
Алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Қазір жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Тегтер #Жетісу облысы #жол апаты #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz