Бірнеше сағаттан кейін Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі басталады. Төрт күн бойы жеңілдіктер, бонустар мен тиімді бөліп төлеу ұсынылады, деп хабарлайды 24KZ.
Мерекеге сатып алушылар да, қазақстандық өндірушілер де алдын ала дайындалып жатыр. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі фабрикалар мен шеберханаларда жұмыс қыза түскен.
Көлікті қысқа дайындау, үйге жайлы жағдай жасау, отбасы мүшелеріне маусымдық киім алу және жақындарға сыйлық жасау. Kaspi Жұма осының бәрін тиімді сатып алуға мүмкіндік береді. Kaspi-дің 70 мыңнан астам серіктесінен тауарлар мен қызметтерді жеңілдікпен, көбейтілген бонустармен және бөліп төлеу арқылы алуға болады.
Жеңіл автокөліктерден бастап ауыл шаруашылығы техникасына дейін. Талдықорғандағы бұл зауытта жарты ғасырға жуық уақыттан бері көліктің барлық түріне арналған аккумуляторлар шығарылып келеді. Жылына 4 млн-ға дейін өнім өндіріледі. Қазір ең көп сұранысқа ие Bars аккумуляторларының бірі құрастырылып жатыр. Kaspi Жұма қарсаңында дилерлер дәл осы модельді асыға күтуде.
Ербол Ажмағамбетов, «Қайнар-АКБ» ЖШС бас директоры:
– Кез келген импорттық өнім логистикалық шығындарымен бірге келеді, сондықтан оның бағасы әлдеқайда қымбат. Ал біз жергілікті өндірушіміз және сапа жағынан олардан кем түспейміз. Біздің өнімдеріміздің қызмет ету мерзімі де ұзағырақ, кепілдік мерзімі де көбірек. Әрине, адамдардың біздің өнімдерімізді онлайн сатып алып, жеткізу қызметін пайдалана алатыны – үлкен артықшылық. Біз тек жақсы әсердеміз және Kaspi-де бар екенімізге қуаныштымыз.
Бақдаулет Нұрхан, Voltman желісінің менеджері:
- Kaspi Жұма қазақ халқымызға өте тиімді шарттармен көмектеседі. Халқымыз асыға оны күтеді және ол кіші, орта бизнеске және еліміздің экономикамызға үлкен үлес қосады. Осы келе жатқан Kaspi Жұмада бізде клиенттерімізге бонустарымыз бар. Ол егер Kaspi.kz қосымшасы арқылы тауарды сатып алған жағдайда оларға атынан бонустар беріледі. Біздің Voltman компаниямыздың атынан кішігірім сыйлықтар беріледі.
Kaspi Жұма кезінде кәсіпкер Саят Бауыржанұлы бірнеше маусым бойы киюге жарайтын жылы киімдерді ұсынады. Бірнеше жыл бұрын тауға шығуды ұнататын кәсіпкер Қазақстандағы белсенді демалысқа арналған алғашқы киім бренді – Altay Outwear-дің негізін қалады. Бұл киімдер Өскеменде тігіледі. Отандық брендтің өнімдерін тауға шығу үшін тіпті шетелдік альпинистер де таңдайды.
Саят Бауыржанұлы, Altay Outwear брендінің негізін қалаушы:
– Алдағы Каспи Жұмаға жаңа материалдар, жаңа өнімдер, жыл сайын жаңа маусымға, қыстық маусымға дайындаламыз, жаңа өнімдерді ұсынамыз. Үнемі қатысуға тырысамыз, әрине. Бұл сатылым көлемін артады, яғни қосымша қаражат, ал қосымша қаражат біздің бизнесімізді дамытуға мүмкіндік береді.
Kaspi Жұма – логистика компаниялары үшін жұмысы қызатын кезең. Тапсырыс көбейеді, ал оларды уақытында жеткізу керек. Курьерлік қызметтер қосымша қызметкерлерді жұмысқа тартып, жаңа технологияларды енгізіп жатыр.
Виктор Батлук, Irbis Logistics компаниясының мекенжайға жеткізу бағытының жетекшісі:
– Біз жаңа сұрыптау желісін іске қостық. Соның арқасында бүкіл процесті қысқартып, екі есе жылдамдаттық. Сағатына 4 300 тапсырыс – постаматқа жеткізілер алдында соңғы өңдеуден өтеді. Яғни адам ресурсын толық сақтай отырып, бұл процесті автоматтандырдық.
Kaspi Жұма демалуды армандаған жандарды да қуантады. Kaspi Travel-де шетелге және Қазақстан ішіндегі турларды 24 айға бөліп төлеуге болады. Ал Kaspi.kz-тегі Магазинінен бәрі табылады: техника, жиһаз, киім, әшекей бұйымдар, тіпті спортқа арналған абонементтер де. Сатып алушылар үшін Kaspi Жұма – тиімді сауда, ал бизнес үшін жаңа клиенттер мен сатылым өсімінің мүмкіндігі.
Авторы: Достық Талғатұлы
Тегтер #24KZ #жарнама #Kaspi Жұма #бөліп төлеу #жеңілдіктерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz